Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.
Список вопросов базы знанийҰБТ-ға 2015 Қазақ тіліВопрос id:325332 Дыбыстық еліктеуіш сөз қатысқан тіркесті анықтаңыз. ?) Жарқ етті. ?) Жалп етті. ?) Жалт етті. ?) Гүрс етті. ?) Селк етті. Вопрос id:325333 Күрделi сан есiмдерді белгілеңіз. ?) Ширек, жарты. ?) Он бес, бiр жүз отыз. ?) Бес, алтау. ?) Елудей, отыздарда. ?) Төртеу, жетiншi. Вопрос id:325334 Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын дауыстыны көрсетіңіз. ?) Э. ?) Ю. ?) И. ?) А. ?) Ы. Вопрос id:325335 Бітеу буынның анықтамасына лайықты қатарды көрсетіңіз. ?) Дауыссыздан басталып дауыссызға бітеді. ?) Дауыстыдан басталып дауыстыға бітеді. ?) Бір дауыстыдан. ?) Дауыссыздан басталып дауыстыға бітеді. ?) Дауыстыдан басталып дауыссызға бітеді. Вопрос id:325336 Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз. ?) Былтыр. ?) Кілт. ?) Адам. ?) Он бір. ?) Балабек. Вопрос id:325337 Аяғы аспаннан келу деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз. ?) Сәтсіздікке ұрыну. ?) Ұйықтау. ?) Шаршау. ?) Жаттығу жасау. ?) Сүріну. Вопрос id:325338 Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. ?) Айлы түн. ?) Екі арамыз майлы қасықтай. ?) Дөрекілік көрсету. ?) Ұйқы қашу. ?) Көп сөз. Вопрос id:325339 Өздік есімдігін көрсетіңіз. ?) Дәнеңе. ?) Осылар. ?) Анағұрлым. ?) Өздері. ?) Күллі. Вопрос id:325340 Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын табыңыз. ?) Сәуір айы. ?) Адам ету. ?) Ала таяқ. ?) Жүк көтеру. ?) Ел қуанышы. Вопрос id:325341 Сабақты жақсы айттың, дегенмен әлі толықтыруға болады. Шылау мағынасын анықтаңыз. ?) Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулық. ?) Ыңғайластық қатынастағы жалғаулық. ?) Қарсылықты қатынастағы жалғаулық. ?) Шартты қатынасты білдіретін жалғаулық. ?) Себеп - салдарлық қатынастағы жалғаулық. Вопрос id:325342 Белгісіздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз. ?) Он шақты түлкі. ?) Жүздеген сиыр. ?) Бірнеше жауынгер. ?) Жиналмалы отырғыш. ?) Көтеріңкі көңіл. Вопрос id:325343 Септеулі сөздердің қайсысы мезгілдік мағынаны білдіретінін көрсетіңіз. ?) Мектептен. ?) Көшеде. ?) Жейде. ?) Бүгінде. ?) Асханада. Вопрос id:325344 Күрделі сөзді табыңыз. ?) Жығылып қала жаздады. ?) Әуежайға беттеді. ?) Мінезін өзгертті. ?) Аттан жығылды. ?) Мұражайды аралады. Вопрос id:325345 Үнді дауыссызды табыңыз. ?) З. ?) Ү ?) К. ?) Й. ?) Ф. Вопрос id:325346 Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз. ?) Келер шақ. ?) Қарын бөле. ?) Елді мекен. ?) Қайым бике. ?) Өрмек жіп. Вопрос id:325347 Еліктеу сөзбен қатар тұрған тіркесті көрсетіңіз. ?) Жұлқи тартты. ?) Елең ете қалды. ?) Ерте келді. ?) Үлкен-кіші. ?) Енді-енді танылды. Вопрос id:325348 Ойдың иесі бар сөйлемді табыңыз. ?) Бұл іспен шатастыруға болмайды. ?) Сараның қалаға баруына тура келді. ?) Орындалған арман. ?) Нариман саумал қымызды тамсана ішті. ?) Бұдан еш нәтиже шығаруға болмайды. Вопрос id:325349 Кейде түбірмен бірге жазылатын шылауды көрсетіңіз. ?) ма, ме. ?) туралы, жөнінде. ?) да, де. ?) ақ, ай. ?) үшін, дейін. Вопрос id:325350 Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз. ?) Осы айтқаныңыз, мен білсем, көптің көкейіндегі сауал. ?) Тоғжан бейнесі жас жігіттің көз алдынан кеткен емес - ті. ?) Балаларым өсіп, адам болып келеді. ?) Жақсы келді дегенше, жарық келді десейші. ?) Ашуым қанша келсе де, айналар шамам жоқ. Вопрос id:325351 Атаулы сөйлемді табыңыз. ?) Дала. ?) Сәбит ұшақпен ұшты. ?) Мен бүгін суреттен бес алдым. ?) Жиналыс басталды. ?) #ИМЯ? Вопрос id:325352 Есiмдiктi табыңыз. ?) Белсендi. ?) Сонау, мына. ?) Қызыл, көк. ?) Әрине, мүмкiн. ?) Бәрекелдi, пәлi. Вопрос id:325353 Синонимдік қатарды көрсетіңіз. ?) Некен - саяқ, сирек. ?) Ығы - жығы, қаз - қалпы. ?) Қатықсыз қара суға семіру, өсу. ?) Атқа мінер, ат шаптырым. ?) Ыстық, ықылас. Вопрос id:325354 Көсемшені көрсетіңіз. ?) Келмек. ?) Бару. ?) Жазып. ?) Айтар. ?) Көрген. Вопрос id:325355 Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз. ?) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты. ?) Дегенмен, мен жаңылмаппын. ?) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың. ?) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды. ?) Ырғызбай ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын Вопрос id:325356 Омоним болатын сөзді табыңыз. ?) Ата - ана. ?) Мүмкін. ?) Қазы. ?) Екінші рет. ?) Биыл. Вопрос id:325357 Мақалдардан антонимді табыңыз. ?) Еңбек түбі - береке, береке түбі - мереке. ?) Көп сөз - көмір, аз сөз - алтын. ?) Білімдінің күні жарық. ?) Білекті бірді жығады. ?) Досы көппен сыйлас. Вопрос id:325358 Негізгі етістікті көрсетіңіз. ?) Отырғыз. ?) Шығар. ?) Үйренуші. ?) Ал. ?) Аула. Вопрос id:325359 Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөзді көрсетіңіз. ?) Жаздыгүні. ?) Әкел. ?) Қарақағаз. ?) Бүгін. ?) Биыл. Вопрос id:325360 Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. ?) Әні өте әдемі еді. ?) Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады. ?) Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт. ?) Қоңырау соғылып еді, оқушылар да орындарынан тұрды. ?) Ауа райы салқындағанмен, ел жайлаудан түсе қоймады. Вопрос id:325361 Қаратпа сөзді табыңыз. ?) Мейманым, жақсы жатып, жай тұрдың ба? ?) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. ?) Қой, не болса да кетейік. ?) Таныды да таң болды. ?) Тәк-тәк, айтпа енді. Вопрос id:325362 Тыныштықты сақтаймыз - тіркесінің байланысу тәсілін көрсетіңіз. ?) Дауыс ырғағы. ?) Орын тәртібі. ?) Жалғау. ?) Шылау. ?) Септеулік шылау. Вопрос id:325363 Себеп - салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды табыңыз. ?) бірақ ?) бұрын ?) дегенмен ?) біресе ?) өйткені Вопрос id:325364 Қате жазылған сөзді табыңыз. ?) Металға. ?) Грамы. ?) Миллиграмдап. ?) Килограммдап. ?) Класқа. Вопрос id:325365 Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. ?) Сымбат - үлгілі қыз. ?) Алатау - әсемдіктің символы. ?) Ол шешесіне хат жазды. ?) Сәуле кеше келді. ?) Баласы тиянақты екен. Вопрос id:325366 Жалпы есімді табыңыз. ?) Гүлнар. ?) Алматы. ?) Сырдария. ?) Аспан. ?) Құлагер. Вопрос id:325367 «О» дыбысы қандай дыбыс екенін белгілеңіз. ?) Дауысты. ?) Ұяң. ?) Үнді. ?) Қатаң. ?) Дауыссыз. Вопрос id:325368 Хабарлы сөйлемді табыңыз. ?) Тіліңді тарт. ?) Бір топ елік жайылып жүрді. ?) Бұл кісілер қай жердікі. ?) Бізбен бірге жүрсеңші. ?) Уһ, шаршап қалыппын ғой. Вопрос id:325369 Заттанған одағайлы сөз - қай сөйлем мүшесі, көрсетіңіз. - Уралаушы кім болып шықты өзі? ?) Баяндауыш. ?) Анықтауыш. ?) Пысықтауыш. ?) Толықтауыш. ?) Бастауыш. Вопрос id:325370 Себеп бағыныңқы сабақтасты табыңыз. ?) Абай әкесінің бұнымен сөйлесетін сөзі жоқ екенін білгендіктен, күні бойы үнсіз отырды. ?) Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. ?) Бұлар үйге кірсе, екі бөлмелі үйдің іші лық толған қыз - бозбала екен. ?) Жыланды үш кессе де, кесірткедей қуаты бар дегені қайда? ?) Қарап отырғанша хат жазайын деп, қалам - қағазымды ала келдім. Вопрос id:325371 -Әке, сенгеніңізге рахмет! Сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз. ?) Төл сөз. ?) Қаратпа сөз. ?) Диалог. ?) Оқшау сөз. ?) Бастауыш. Вопрос id:325372 Омонимнің анықтамасын белгілеңіз. ?) Мағынасы бір - біріне қарама қарсы сөздер. ?) Сөз бен сөзді байланыстыратын сөздер. ?) Қосымша. ?) Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жақын сөздер. ?) Тұлғасы, дыбысталуы бір, мағынасы алшақ сөздер. Вопрос id:325373 Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз. ?) Рабиға біресе маған, біресе,Әмірге қарады. ?) Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады. ?) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады. ?) Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады. ?) Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады. Вопрос id:325374 Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз. ?) Сөз өнері. ?) Тұрлаулы тағдыр. ?) Өз тағдыры. ?) Достық сезім. ?) Ұлылар тағылымы. Вопрос id:325375 Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз. Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барында еш күмән жоқ еді. ?) Қарсылықты салалас. ?) Ыңғайлас салалас. ?) Кезектес салалас. ?) Салалас құрмалас. ?) Себеп - салдар салалас. Вопрос id:325376 Жақты сөйлемді табыңыз. ?) Мұныңызға нануға болады. ?) Сонша шырқап не керек? ?) Қанша ойлану керек. ?) Түн іші. ?) Раушанмен танысқаныма шексіз қуаныштымын. Вопрос id:325377 Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз. ?) Әке сөзін айтпады. ?) Алыстан атты кісі көрінеді. ?) Қария бүгін де жүре алмады. ?) Шай дұрыс ішілмеді. ?) Төл егізден өседі. Вопрос id:325378 Күрделі сөзді көрсетіңіз. ?) Кетіп қала жаздады. ?) Қол шапалақтау. ?) Жер қазу. ?) Бие сауым уақыт. ?) Мойнына су кету. Вопрос id:325379 Тағы басқа, тағы сол сияқты деген тіркестерді қысқартып жазсаң, әрбір әріптен кейін қойылатын белгіні көрсетіңіз. ?) Нүктелі үтір. ?) Көп нүкте. ?) Нүкте. ?) Қос нүкте. ?) Үтір. Вопрос id:325380 Сызықша қойылуы тиіс сөз тіркесін табыңыз. ?) Тоғызыншы сынып. ?) Ол оқушы. ?) Мен жазамын. ?) Біз ойнадық. ?) Ол оқыды. Вопрос id:325381 Одағай сөзді белгілеңіз. ?) Көңілім менің құрақ - құрақ. ?) Сіңлім құрақ құрап отыр. ?) Құрақ - ұлттық өнер. ?) Құрақтап тігу. ?) «Құрау - құрау» деп атам малдың жолын тосты. |
Copyright testserver.pro 2013-2024