Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:324481
Сөздің тура мағынасын табыңыз.
?) Ол әке - шешеден ерте қол үзді.
?) Нариман - тепсе, темір үзетін жігіт.
?) Арқасынан таяқ үзген жоқ.
?) Қарт әбден күдер үзген екен.
?) Бала нанның жартысын үзіп берді.
Вопрос id:324482
Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.
Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгеретін едің!
?) Шаттану.
?) Жекіру.
?) Өкіну.
?) Бұйыру.
?) Таңдану.
Вопрос id:324483
Қос нүкте қойылмайтын орынды көрсетіңіз.
?) Іліктес салалас құрмаласқа.
?) Одағай сөзден кейін.
?) Төл сөздің алдынан келген автор сөзінен кейін.
?) Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыштан кейін.
?) Жалпылама мәнді зат есімнен кейін.
Вопрос id:324484
Өздік есімдігінің соңғы қосымшасын табыңыз.
Өзіңе жамандық тағылмауын тілеймін.
?) Барыс септік.
?) Көптік.
?) Жіктік.
?) Тәуелдік.
?) Септік.
Вопрос id:324485
Тәуелдік жалғаудың 2 - жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз.
?) Ауылданбыз.
?) Дәптеріңіз.
?) Уақыт.
?) Жолдасы.
?) Апайың.
Вопрос id:324486
Болжалдық сан есімді табыңыз.
?) Жүз.
?) Жүз-жүзден.
?) Жүз шамалы.
?) Жүзінші.
?) Жүзден бір.
Вопрос id:324487
Дұрыс қойылған тыныс белгіні анықтаңыз.
?) Дауыл көтерілді де, төңірек ұйтқыған қалың қар болды да кетті.
?) Жабыларсың таларсың да жерсің.
?) Сайра да зарла қызыл тіл.
?) Даусы ащы да, қатал зілді шығады.
?) Таныды да таң болды.
Вопрос id:324488
Қабыса байланысқан анықтауыштық қатынасты табыңыз.
?) Дымқыл тұман.
?) Баяу тыңдау.
?) Жалықпай тыңдау.
?) Балаларға сыйлық.
?) Жұмыс бөлмесі.
Вопрос id:324489
Әдеби тілдің анықтамасын табыңыз.
?) Әдеби тіл - ғылымдар тілі.
?) Әдеби тіл – терминдер тілі.
?) Әдеби тіл деген ауызша сөйлеу.
?) Әдеби тіл - сөйлеу тілінің көшірмесі.
?) Әдеби тіл - жалпыхалықтық тіл.
Вопрос id:324490
Шартты жалғаулықты табыңыз.
?) Сонда, онда да.
?) Я, не.
?) Әлде, немесе.
?) Егер, егер де.
?) Өйткені, себебі.
Вопрос id:324491
Кейінді ықпалды табыңыз.
?) Қас адам.
?) Ала қаз.
?) Келе көр.
?) Боз жирен.
?) Алып кел.
Вопрос id:324492
Жалпы есімді табыңыз.
?) Балқаш.
?) Көкшетау.
?) Алатау.
?) Абай.
?) Тау.
Вопрос id:324493
Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
?) Білім адамның – қанаты.
?) Бозбаламын – мен де енді.
?) Сұрмерген аң аулап жүрсе – алдынан үш елік қаша жөнелді.
?) Ата - ананың ақ тілеуі – ақ жол.
?) Ата - ананың – ақ тілеуі ақ жол.
Вопрос id:324494
Мәтін ішінде кездесетін төл сөздің басы мен аяғында қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
?) Тырнақша.
?) Үтір.
?) Қос нүкте.
?) Көп нүкте.
?) Сызықша.
Вопрос id:324495
Дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
?) А, И, Ұ.
?) Э, Қ, Ы.
?) Ж, Ұ, Д.
?) Ғ, Қ, Ө.
?) П, Й, Б.
Вопрос id:324496
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
?) - Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы, деді Алма.
?) “Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы”, деді Алма.
?) “Бұл өмірімнің - бір ұмытылмас шағы” - деді Алма.
?) “ Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы”: деді Алма.
?) “Бұл – өмірімнің бір ұмытылмас шағы”, - деді Алма.
Вопрос id:324497
Еріндік дауыстылардың жасалуын белгілеңіз.
?) Тілдің ілгері созылуы.
?) Еріннің дөңгеленіп алға созылуы.
?) Жақтың кең ашылуы.
?) Тілдің кейін шегінуі.
?) Езудің кейін қарай тартылуы.
Вопрос id:324498
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын көрсетіңіз.
?) Неге көндім.
?) Малыңды бақ.
?) Біздің ауыл.
?) Ойсыздарға қосылма.
?) Шартты белгі.
Вопрос id:324499
Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.
?) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
?) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.
?) Ең тәттісі - тіл.
?) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.
Вопрос id:324500
Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
?) Қалың ел қаңтарылып, сусыз қалыпты.
?) Қазыбек қарттың көзі қарауытып, иесіз қалған, қараң қалған үйге түсті.
?) Жүсіп ілгері ұмтылып, ұшып келеді.
?) Қаңғыбас кедейге бақ қонды.
?) Қора ішінде арба, дөңгелек, түрлі темірлер шашылып жатыр.
Вопрос id:324501
Есім сөз бен көмекші етістіктен жасалған тіркесті табыңыз.
?) Ауылдан екен.
?) Есін шығару.
?) Оқып бара жатыр.
?) Үй сайын.
?) Кеше жолықты.
Вопрос id:324502
Синоним сөзді көрсетіңіз.
?) Құнды, бағалы.
?) Жаңбыр, дауыл.
?) Қарулы, нашар.
?) Шын, өтірік.
?) Оқулық, оқушы.
Вопрос id:324503
Ілік септігінің дұрыс қолдануын табыңыз.
?) Жайлауға дейін.
?) Қысқы кеш.
?) Үш-төрт адам.
?) Менің қалам.
?) Бала сияқты.
Вопрос id:324504
Одағайдың қай түрі, белгілеңіз.
Тәйт, екінші мынандай мінез көрсетпе.
?) Шақыру.
?) Тыйым салу.
?) Ренжу.
?) Қапалану.
?) Бұйыру.
Вопрос id:324505
Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
?) Баиыиды.
?) Байады.
?) Байыйды.
?) Баииды.
?) Байиды.
Вопрос id:324506
Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.
?) Айгүлдің қолын ара шағып алды. Арамен ағаш кесті.
?) Дүкен ашық тұр. Жанар есікті ашты.
?) Маған мұражай ұнады. Адамға бірден ұнау қиын.
?) Майра ән салды. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.
?) Түнделетіп жүріп келеміз. Түнгі ауа тамаша.
Вопрос id:324507
Кейінді ықпалды көрсетіңіз.
?) Ағашпен.
?) Өміршең.
?) Әншілер.
?) Жұмысшы.
?) Өмір.
Вопрос id:324508
Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
?) Жұмат жас бригадирдің бұл сөзіне риза болды.
?) Қар өткен түнде қалыңдап түскен екен..
?) Гүлнәр өзі туралы айтты.
?) Біз күн шыға аттандық.
?) Біз асыға ілгері жүрдік.
Вопрос id:324509
Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.
?) Өз жұмысы.
?) Біткен іс.
?) Сөзшең адам.
?) Өнерпаз бала.
?) Қайратты жігіт.
Вопрос id:324510
Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
?) Қызкеліншек.
?) Фотокөрме.
?) Қонақжай.
?) Алтыбақан.
?) Шаңсорғыш.
Вопрос id:324511
Кезектес салалас сөйлемді табыңыз.
?) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.
?) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.
?) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады.
?) Онымен әр кеңескен сайын әр түрлі жаңалықтар естимін.
?) Экологияны сақтайық, соған ат салысайық.
Вопрос id:324512
Жіңішке дауысты дыбыс қалай жасалатынын белгілеңіз.
?) Тілдің үсті дөңестенуі арқылы.
?) Ауаның өкпеден кедергісіз шығуы арқылы
?) Тілдің кейін шегінуі
?) Тілдің ілгері созылуы
?) Үннен ғана тұрады
Вопрос id:324513
Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.
?) Мазмұнды әңгіме.
?) Мектепке бару.
?) Ақын туралы айту.
?) Бет бұру.
?) Бұлшық ет.
Вопрос id:324514
Есептік сан есімді көрсетіңіз.
?) Тоқсан.
?) Оннан бір.
?) Жүздеген.
?) Төртінші.
?) Төртеу.
Вопрос id:324515
Шылауды табыңыз.
?) Тәтті.
?) Алақай.
?) Әже.
?) Әйтеуір.
?) Сайын.
Вопрос id:324516
Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
?) Меніңше, жаңағы оты көрінген завод.
?) Өзі осында келіп пе, сірә?
?) Ой, әттеген - ай, айырылып қалдым - ау!
?) Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.
?) Балам, амансың ба?
Вопрос id:324517
Антоним сөздерді көрсетіңіз.
?) Бұлғақтау - бұралаңдау.
?) Аға - әке.
?) Көктем - жазғытұры.
?) Аштық - тоқтық.
?) Шыбын - шіркей.
Вопрос id:324518
Тұйық етістікті табыңыз.
?) Көрген.
?) Тіле.
?) Жоқтады.
?) Сүй.
?) Ойлау.
Вопрос id:324519
Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
?) Бірақ Шымырбайдың қойшы деген аты ғана.
?) Айт, айт,Шөжеке! Уа, төресін өзің айт.
?) Оның мойнына су құйылып тұр.
?) Ерінбей еңбек етуге дағдылан.
?) Асқанға аспан аласа.
Вопрос id:324520
Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөзді көрсетіңіз.
?) Қоңыз.
?) Ұрмай-соқпай.
?) Төбе-төбе.
?) Сылқ-сылқ.
?) Қырықбуын.
Вопрос id:324521
Дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз.
?) Ведомосқа.
?) Ведомосы.
?) Поездға.
?) Разьезд.
?) Съезден.
Вопрос id:324522
Есімшені анықтаңыз.
?) Жазып.
?) Қарап.
?) Сөйлей.
?) Бергелі.
?) Келген.
Вопрос id:324523
Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
?) Дәптер.
?) Бес.
?) Көрші.
?) Бейшара.
?) Бер.
Вопрос id:324524
Жинақтық сан есімді табыңыз.
?) Бес-бестен.
?) Беске жуық.
?) Бес.
?) Бесеу.
?) Бесінші.
Вопрос id:324525
Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
?) Ана сендерді шексіз сүйеді.
?) Білімді жастан сімірдім, халқыма еңбек сіңірдім.
?) Ақпанда боран, соқты қар, Шілдеде қайнап төнді күн.
?) Антонның ұмытпағанына Асқар қайран қалды.
?) Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан.
Вопрос id:324526
Сөйлем түрін анықтаңыз.
Атаның баласы болма, адамның баласы бол.
?) Жалаң.
?) Толымды.
?) Жақты.
?) Атаулы.
?) Жақсыз.
Вопрос id:324527
Қыстырма сөзді сөйлемді табыңыз.
?) Жүрегім, ойбай, соқпа енді.
?) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
?) Айналайын, не де болса қалмайық енді.
?) Уа, халқым, құлаш жаздың кең өріске.
?) Қарағым, бүгін күн жұма ғой.
Вопрос id:324528
Біріккен сөзді табыңыз.
?) Механикалық.
?) Демеуші.
?) Ұзынды-қысқалы.
?) Итмұрын.
?) Шаруашылық.
Вопрос id:324529
Ілгерінді ықпалды табыңыз.
?) Жезқазған.
?) Қара өзек.
?) Тұзсыз.
?) Әшімбек.
?) Еркежан.
Вопрос id:324530
Ашық буынды сөзді табыңыз.
?) Қант.
?) Аз.
?) Сақ.
?) Қас.
?) Боса.
Copyright testserver.pro 2013-2024