Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:323931
Табыс септіктегі сүзді қажет ететін етістікті тaбыңыз.
?) Дара.
?) Сабақты.
?) Болымсыз.
?) Болымды.
?) Салт.
Вопрос id:323932
Одағай сөзді табыңыз
?) Ол бір сырлы, сегіз қырлы жігіт еді.
?) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!
?) Қанат, Талғат, бері келіңдер.
?) Келіңдер, кел от жағуға.
?) Жуас екенсің, қорқағым.
Вопрос id:323933
Жалқы есімді табыңыз.
?) Қарлығаш.
?) Қарға.
?) Сауысқан.
?) Дуадақ.
?) Тауық.
Вопрос id:323934
Себептік жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз.
?) Әйткенмен, бірақ, дегенмен, сонда.
?) Өйткені, себебі, неге десең.
?) Сондықтан, егер.
?) Менен, пенен, және, әрі.
?) Я, немесе, біресе, әлде.
Вопрос id:323935
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
?) «Еңбек адамды биікке жетелер», - деді Ақнұр.
?) «Қазақ солдаты» романы талданды.
?) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы шықты.
?) «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқиық.
?) «Жақсы сөз жараны да жазар» дегендей, балаға әке тәрбиесі керек.
Вопрос id:323936
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Матаның көзі бар екен, байқа.
?) екен
?) бар
?) Матаның
?) байқа.
?) көзі
Вопрос id:323937
Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз.
?) Сөйледі Жамбыл бәріңе, жасың менен кәріңе.
?) Сөйледі, Жамбыл, бәріңе: жасың менен кәріңе.
?) Сөйледі, Жамбыл бәріңе; жасың менен кәріңе.
?) Сөйледі Жамбыл бәріңе: жасың менен кәріңе.
?) Сөйледі Жамбыл, бәріңе: жасың менен кәріңе .
Вопрос id:323938
Пікір алысу үшін ең алдымен не керек екенін көрсетіңіз.
?) Ойлау.
?) Тіл.
?) Сөйлеу.
?) Дерек.
?) Хабар.
Вопрос id:323939
«Отырғандар оның сөзіне елең етті» сөйлеміндегі еліктеу сөздің қызметін анықтаңыз.
?) Баяндауыш.
?) Пысықтауыш.
?) Анықтауыш.
?) Толықтауыш.
?) Бастауыш.
Вопрос id:323940
Дерексіз зат есімдерді белгілеңіз.
?) Үй, көше.
?) Дәптер, қағаз.
?) Тау, орман.
?) Бала, ата.
?) Ақыл, ой.
Вопрос id:323941
Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз.
?) Сөз дыбыстан жасалады.
?) Білім атадан балаға мұра болған.
?) Біздің міндетіміз - жету.
?) Екінші жолаушы молда болыпты.
?) Батыр жүрек, қайрат енді алдай ма?
Вопрос id:323942
Болымсыз етістіктің жұрнақтарын табыңыз.
?) -лар ,-лер.
?) -ған,-ген.
?) -ма, -ме.
?) -дап, -деп.
?) -ыншы, -інші.
Вопрос id:323943
Есімдікті табыңыз.
?) Сонау, мына.
?) Қызыл, көк.
?) Әрине, мүмкін.
?) Бәрекелді, пәлі.
?) Белсенді.
Вопрос id:323944
Үстеу қатысқан есімді тіркесті табыңыз.
?) Мұнда бір салқындық бар.
?) Ол қайта - қайта қарады, бірақ танымады.
?) Бәріміздің өміріміздің басталуы осылай еді.
?) Жаздың көркі енеді жыл құсымен.
?) Қазір жалғызбын.
Вопрос id:323945
Күрделі үстеуді табыңыз.
?) Күншуақ.
?) Күнделік.
?) Күнбағыс.
?) Күні бойы.
?) Күмбездену.
Вопрос id:323946
Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.
?) Сіз, сенен.
?) Анау, сонау.
?) Әлдеқалай, солай.
?) Демеуші, егінші.
?) Көрген, көрер.
Вопрос id:323947
Сан есімді лайықты сөзімен тіркестіріңіз.
Бір шымшым …
?) нан
?) бұлт
?) тұз
?) ет
?) су
Вопрос id:323948
Баяндауыш болатын еліктеу сөзді табыңыз.
?) Жарқ етіп шам жанды.
?) Иық тірескен қоңыр таулар тағы күңк етті.
?) Алыстан дабырлаған дауыс естілді.
?) Оның сөзіне елең еткен адам болмады.
?) Шоқан қалжыңға түсініп , қарқ-қарқ күлді.
Вопрос id:323949
Жалаң сөйлемді табыңыз.
?) Бұлар жүріп кетті.
?) Таң сарғая қорғанның артына керуендер жиналды.
?) Бұдан еш нәрсе түсініп болмайсың.
?) Жайлауға шықты.
?) Біркелкі, жақсы өсіпті.
Вопрос id:323950
Күрделі сын есімді табыңыз.
?) Сағыныш.
?) Араласты.
?) Тоғыз.
?) Сүп-сүйкімді.
?) Ауылдарыңнанбыз.
Вопрос id:323951
Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Досан мектепке кетті.
?) Досан мектептен келді.
?) Сиырдың тұқымы да жақсы екен, бабы да келіскен екен.
?) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады.
?) Пойыз ырғалып келіп, вокзалға тоқтайды.
Вопрос id:323952
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын есімді көрсетіңіз.
?) Ата - баба.
?) Қымбатырақ.
?) Тап - тамаша.
?) Ішкен - жегені.
?) Жақсы - жаман.
Вопрос id:323953
Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Елге аман жетіп, хатты тапсырса игі еді.
?) Асқар, Сәбит ашуланып кетті де, қайта келмеске бекінді, ештеңеге келіспеді.
?) Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
?) Шеге тағаны сақтайды, таға тұлпарды сақтайды.
?) Боран таң ата ашылып, жел тынды да, маужыраған әдемі күн басталды.
Вопрос id:323954
Маңайда егіннен ине шаншар жер жоқ екен - ау!
Лепті сөйлем жасап тұрған қатарды табыңыз.
?) одағай.
?) демеулік шылау.
?) сұраулық шылау.
?) сұрау есімдігі.
?) көмекші етістік.
Вопрос id:323955
Бөлшектік сан есімді табыңыз.
?) Төртеу.
?) Сегіз.
?) Жүздеген.
?) Он тоғызыншы.
?) Екі жарым.
Вопрос id:323956
Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Ол келіп, баласын алып кетті.
?) Қараша айы жақындады, бірақ әлі суық түспеді.
?) Оны шақырмағандықтан, Айым жиналысқа келмеді.
?) Жиын біткен соң, студенттер тамақтануға кетті.
?) Шынында, ол екі - ақ оқу орнында оқыған.
Вопрос id:323957
Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз
?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын оқыдың ба?
?) Ұста: "Бұны қайдан көрдім?" - деп ойлады.
?) «Тарақ» деген сөздегі «та» буыны - ашық буын.
?) «Қол ұстату, шаш сипату» деген ырымдар осы.
?) Cен дегенде ойым таза.
Вопрос id:323958
Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
?) Мұным, менің.
?) Отыздай, екінші.
?) Жүздеген, оншақты.
?) Оннан бес, екіден бір.
?) Екеуі, қырық бес.
Вопрос id:323959
Айқындауыш мүше қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
?) Сол жердің орта тұсы Жексен қыстауы – Қарашоқы.
?) Сөз тапқанға қолқа жоқ.
?) Өтірік сөз өрге баспас.
?) Өнер алды – қызыл тіл.
?) Тіл –қылыштан өткір.
Вопрос id:323960
Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.
?) Жіңішке дауыстыдан.
?) Ұяңнан.
?) Дауыстыдан.
?) Үндіден.
?) Қатаңнан.
Вопрос id:323961
Қоңсыма келген - Мараттың әпкесінің қызы.
Диалект сөзді табыңыз.
?) Мараттың.
?) Қоңсыма.
?) Әпкесінің.
?) Қызы.
?) Келген.
Вопрос id:323962
Сапалық сын есімді көрсетіңіз.
?) Шоқпардай.
?) Әдемі.
?) Алпамсадай.
?) Еріншек.
?) Ақылды.
Вопрос id:323963
Ұлыс, нөкер, жасақ сөздері қай елден келгенін белгілеңіз.
?) Орыс.
?) Араб.
?) Грек.
?) Моңғол.
?) Иран.
Вопрос id:323964
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
?) Балгер.
?) Қазақстанның.
?) Астанадан.
?) Асанды.
?) Қасымның.
Вопрос id:323965
Сабақты етістікті табыңыз.
?) Мақтанба.
?) Бердім.
?) Келді.
?) Шықты.
?) Барма.
Вопрос id:323966
Мөлшер үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
?) Кеше жіберді.
?) Мөлшерлеп болжау.
?) Соншалықты көбею.
?) Тезірек келу.
?) Жоғары шығу.
Вопрос id:323967
Мақалды көрсетіңіз.
?) Ақ түйенің қарны жарылды.
?) Құрғақ қасық - ауыз жыртар.
?) Ақылы асқанды аға тұт.
?) Ат тұяғын тай басар.
?) Көптің құрығы ұзын.
Вопрос id:323968
Бөлшектік сан есімді анықтаңыз.
?) Үштің бірі.
?) Төртінші.
?) Сегіз шамалы.
?) Тоқсан.
?) Алтау.
Вопрос id:323969
Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.
?) Бос шылбырды сүйретіп қайтесің?
?) Аққу жүзді сызылып.
?) Жиырма бестерге келген қыз екен.
?) Орманның оңтүстік тарапына жатады.
?) Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан.
Вопрос id:323970
Тура мағыналы сөзді табыңыз.
?) Ол балық көзденді.
?) Матаның көзі бар.
?) Балаларға көз бол.
?) Адамның көзі.
?) Көз қырын сал.
Вопрос id:323971
“Көзі ашық” сөзінің антонимін көрсетіңіз.
?) Надан.
?) Аңқау.
?) Білімді.
?) Оқыған.
?) Елгезек.
Вопрос id:323972
Дәйексөздің (цитаттың) басында, аяғында, не соңында сөздер қалдырылған жағдайда қойылатын белгіні көрсетіңіз.
?) Нүктелі үтір.
?) Көп нүкте.
?) Нүкте.
?) Қос нүкте.
?) Үтір.
Вопрос id:323973
Туынды етістікті көрсетіңіз.
?) Көмектес.
?) Қайт.
?) Біл.
?) Қол.
?) Көр.
Вопрос id:323974
Қабысуды көрсетіңіз.
?) Он бес мың.
?) Кітапқа үңіл.
?) Шығарма түйіні.
?) Енжар оқушы.
?) Ол - азамат.
Вопрос id:323975
Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
?) Көзге түрткі боларсың орныңды таппай, бос қалып.
?) Надан, топас адамдардан аулақ бол.
?) Ит өршелене, тоқтаусыз үрді.
?) Азап кетіп, бақ келіп, гүлденгелі тұр елің.
?) Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол.
Вопрос id:323976
Сөйлем соңынан нүктенің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.
Шаңқай түс.
?) Хабарлай айтылған жалаң сөйлем.
?) Хабарлай айтылған жайылма сөйлем.
?) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем.
?) Бұйрықты сөйлем.
?) Хабарлай айтылған толымды сөйлем.
Вопрос id:323977
Жанаса байланысқан пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
?) Мәдимен кездесу.
?) Мейірімді бала.
?) Ақсақ құлан.
?) Үздік оқу.
?) Жолдассыз адам.
Вопрос id:323978
Алынған сөйлем, дәйексөз, мысал кімдікі екенін көрсету үшін авторына қандай белгі қойылады, дұрысын табыңыз.
?) Үтір.
?) Тырнақша.
?) Көп нүкте.
?) Нүктелі үтір.
?) Жақша.
Вопрос id:323979
Сұраулық шылау қатысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
?) Сен әкел(ме).
?) Өтірік айт(па).
?) Сен сен(бе).
?) Жаман әдетке үйрен(бе)
?) Сенейін(бе) сенбейін(бе)
Вопрос id:323980
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
?) Жау қимылы.
?) Бықпырт тигендей.
?) Өзінің қабілеті.
?) Қатерлі ауру.
?) Қымыз сапыру.
Copyright testserver.pro 2013-2024