Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:324681
Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз.
?) Май шам, қап тесер.
?) Шешен сымақ, маңдай тері.
?) Бас сүйек, қөз бояушылық.
?) Мал дәрігері, Сары өзек.
?) Астық жинау, бел омыртқа.
Вопрос id:324682
Атаулы сөйлемді табыңыз.
?) Алмасы Алатаудың көпке мәлім.
?) Мына атқа мінер ме еді?
?) Маған сабақтан қалуға болмайды.
?) Әркімге де тезірек өту керек.
?) Көлдің биік қабағы.
Вопрос id:324683
Негізгі сын есім қалай жасалады, көрсетіңіз.
?) Сөздердің тіркелуі.
?) Сөздердің бірігуі арқылы.
?) Түбір арқылы.
?) Сөздердің қосарлануы.
?) Түбірге қосымшалардың жалғануы.
Вопрос id:324684
Күрделі зат есімді көрсетіңіз.
?) Айлық.
?) Өнеркәсіп.
?) Жайдары.
?) Малшы.
?) Сұлулық.
Вопрос id:324685
Толымды сөйлемді табыңыз.
?) Не істеп жүрсің?
?) Қайдан келуші ем?
?) Қаладан келдім.
?) Сендерді іздеп келдім.
?) Абай балаға бар денесімен шұғыл бұрыла қарады.
Вопрос id:324686
Мекен үстеудің сұрағын табыңыз.
?) Қаншалық? Қаншалап?
?) Қашаннан? Қашан?
?) Қалай? Қайтіп?
?) Қайда? Қайдан?
?) Неге? Қалай?
Вопрос id:324687
Жалаң сөйлемді табыңыз.
?) Біз биыл ерекше табысты болдық.
?) Біздің биылғы табысымыз - көл-көсір.
?) Біз табысты болдық.
?) Біз егістен де, малдан да табысты болдық.
?) Біз биыл табысты болдық.
Вопрос id:324688
Кейінді ықпалды табыңыз.
?) Қашса.
?) Отыра қал.
?) Баспахана.
?) Әркім.
?) Көз салу.
Вопрос id:324689
Сын есімді табыңыз.
?) Жарық.
?) Ол.
?) Сол.
?) Жазықтық.
?) Бұрын.
Вопрос id:324690
Б қандай дауыссыз дыбыс, белгілеңіз.
?) Қатаң дауыссыз дыбыс.
?) Үнді дауыссыз дыбыс.
?) Ұяң дауыссыз дыбыс.
?) Орыс сөздерінде жазылмайды.
?) Сөздің буынын талғамай жазыла береді.
Вопрос id:324691
Кейінді ықпалды табыңыз.
?) Әншінің әні.
?) Қандағаш.
?) Үмітбек.
?) Көкшетау.
?) Жеңіл-желпі.
Вопрос id:324692
Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
?) Мекен тептім орманнан, даладан да.
?) От жақпаған үй қорамен тең.
?) Есен өздері өтуге ыңғайлы, қолайлы жер іздеді.
?) Дәмеш отырған орнында қалшиып, сөйлей алмай қалды.
?) Халық үшін қалтықсыз еңбек ет, шаршама.
Вопрос id:324693
Септеулік шылаумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.
?) Тек қана.
?) Сол ғана.
?) Ержанға да.
?) Бәрекелді - ай.
?) Сенен бұрын.
Вопрос id:324694
Синоним сөздерді табыңыз.
?) Биік, әрі әдемі үй.
?) Сүйкімді, болат қанжар тұрсын жайнап.
?) Үлкен - кіші бас қосты.
?) Есті кісі, ақылды кісі.
?) Ұзын сөйлемнің қысқа мағынасы.
Вопрос id:324695
Қос нүкте дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
?) Біздің үйдегі адамдар: мыналар әкем, шешем, Таңатар.
?) Біздің үйдегі адамдар мыналар: әкем, шешем, Таңатар.
?) Біздің үйдегі адамдар мыналар әкем : шешем, Таңатар.
?) Біздің үйдегі адамдар мыналар әкем, шешем, Таңатар.
?) Біздің үйдегі: адамдар мыналар әкем, шешем, Таңатар.
Вопрос id:324696
«Мыс» шылауымен омонимдес болатын сөз табын көрсетіңіз.
?) Зат есім.
?) Етістік.
?) Үстеу.
?) Есімше.
?) Сан есім.
Вопрос id:324697
Сабақтас құрмаласты табыңыз.
?) Сыйға - сый, сыраға - бал.
?) Ол өзінің келіншегіне күлімсірей қарады.
?) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
?) Туған тілім –тірлігімнің айғағы.
?) Өзіңе қарай дос таңда.
Вопрос id:324698
Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.
?) Көкпеңбек, қолма - қол.
?) Шегара, құрбы - құрдас.
?) Саяси - көпшілік, итмұрын.
?) Үйір - үйір, бала - шаға.
?) Киім - кешек, оқта - текте.
Вопрос id:324699
Жай шырай түрін белгілеңіз.
Қайыр жеңіл қапты оп-оңай көтерді.
?) оп-оңай
?) көтерді
?) қапты
?) жеңіл
?) Қайыр
Вопрос id:324700
Айтылып жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген, өте алшақ жатқан нәрсе (оқиға) қосылып кетсе, оның алдынан қойылатын тыныс белгісі.
?) Дефис.
?) Қос нүкте.
?) Сызықша.
?) Нүкте.
?) Көп нүкте.
Вопрос id:324701
Астарлы, бейнелі, экспрессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз.
?) Көркем әдебиет стилі.
?) Ресми стиль.
?) Ауызекі стиль.
?) Публицистикалық стиль.
?) Ғылыми стиль.
Вопрос id:324702
Қосарлы айқындауыш тұрған сөйлемді табыңыз.
?) Қарағанды - сұрыптаушы станциясы депосының паровозшылары көп жұмыс атқарды .
?) Омар қарт, Жәмила қыз.
?) Ертең, 31 мамыр күні, чемпионат жалауы көтеріледі.
?) Қамысы қалың, айдыны мол көл еді.
?) Шоқшалау ақ сақалды, келбетті, зор дауысты адам еді.
Вопрос id:324703
Дефиссіз бөлек жазылатын шылауларды көрсетіңіз.
?) Үшін, себепті, жуық.
?) Ақ, ай, кейін.
?) Екеш, не, ғой, ды.
?) Бұрын, себепті, мыс.
?) Ау, арқылы.
Вопрос id:324704
Өздік есімдігін табыңыз.
?) Мейірім.
?) Бәріміз.
?) Ендігәрі.
?) Өзіміз.
?) Кей құрбы.
Вопрос id:324705
Естілуі бойынша жазылатын сөзді табыңыз.
?) Жаз сайын.
?) Өзенге кел.
?) Күндіз.
?) Диалог.
?) Қыстыгүні.
Вопрос id:324706
Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз.
?) Ісің өнімді болсын, Қуат.
?) Алматы - Республиканың ең үлкен қаласы.
?) Ойпырай, мына күннің қағынуын-ай.
?) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз.
?) Үлгілі үйдің - ұл-қызы ұялтпайды.
Вопрос id:324707
Дауысты дыбыстар санын анықтаныз.
?) 12.
?) 11.
?) 10.
?) 14.
?) 13.
Вопрос id:324708
Мағынасы жуық сөздерді көрсетіңіз.
?) Әдемі, ажарлы, келбетті.
?) Аласа, тар, кең.
?) Қара, қызыл, көк.
?) Ұзын, қысқа, биік.
?) Үлкен, кіші, аласа.
Вопрос id:324709
Мекемелерде жүргізілетін жазу үлгісіне тән стиль түрін анықтаңыз.
?) Публицистика.
?) Көркем әдебиет.
?) Ауызекі сөйлеу.
?) Іс - қағаздар.
?) Ғылыми.
Вопрос id:324710
Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
?) Қап, мынаның баласы!
?) Өркенің өссін, балам!
?) Бәрекелді, ұлы сөз!
?) Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
?) Сөз жоқ, тағы шайқасамыз.
Вопрос id:324711
Төл сөзді сөйлемді табыңыз.
?) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
?) Балалардың соңғы ермегі - "Ақсүйек", "Соқыр теке".
?) Сен дегенде сөз бар ма?
?) Осы күні сол ара - жайнаған қызыл гүл, - дейді.
?) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Вопрос id:324712
Күшейтпелі мағыналы демеулік қайсысы?
?) Сайын, үшін.
?) Ба? бе?
?) Не, немесе.
?) Ақ, ай.
?) Бірақ, алайда.
Вопрос id:324713
Төл сөзге тән анықтаманы табыңыз.
?) Біреудің өзгертілмей айтылған сөзі.
?) Біреудің қанатты, өнегелі сөзі.
?) Екі адамның сөйлескен сөзі.
?) Біреудің сөзінің мазмұны.
?) Біреудің сөзін жеткізушінің сөзі.
Вопрос id:324714
“Тарайды”сөзіндегі ұяң дауыссыздардың санын көрсетіңіз.
?) 1
?) 3
?) 5
?) 2
?) 4
Вопрос id:324715
Ілгерінді ықпалды табыңыз.
?) Шаруашылық.
?) Меңдіқұл .
?) Жүре алмады.
?) Тасымал.
?) Ақ лақ.
Вопрос id:324716
«Жайылым» сөзінің синонимін табыңыз.
?) Өріс.
?) Көрік.
?) Далада.
?) Айнала.
?) Өңір.
Вопрос id:324717
Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
?) Әкесінің баласы - адамның дұшпаны адамның баласы бауырың.
?) Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы бауырың.
?) Әкесінің баласы адамның - дұшпаны, адамның - баласы бауырың.
?) Әкесінің баласы - адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың.
?) Әкесінің баласы, адамның дұшпаны, адамның баласы, бауырың.
Вопрос id:324718
Ілгерінді ықпалды табыңыз.
?) Шілдеде.
?) Телеграф.
?) Үлкендер.
?) Көзқарас.
?) Қала.
Вопрос id:324719
Одағайға байланысты тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
?) Өй Жиренше, жаңағы осы Қодар кім?
?) Сыналар, ей жігіттер, келді кезің.
?) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!
?) Япырау әттеген - ай, атын сұрамаппын ғой!
?) Жүрегім, ойбай соқпа енді…
Вопрос id:324720
Қысаң дауыстылардың саны қанша екенін белгілеңіз.
?) 4.
?) 7.
?) 10.
?) 6.
?) 8.
Вопрос id:324721
Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
?) Сары.
?) Қатты.
?) Күрең.
?) Түнгі.
?) Аппақ.
Вопрос id:324722
Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз.
Қыстырма сөз қай сөз табынан, анықтаңыз.
?) Жинақтық сан есім.
?) Реттік сан есім.
?) Болжалдық сан есім.
?) Сан есім.
?) Есептік сан есім.
Вопрос id:324723
Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
?) Әдейі - жорта.
?) Татуласу - жарасу.
?) Тынығу - жату.
?) Тоқпақ - қол ағаш.
?) Ащы - тұщы.
Вопрос id:324724
Туынды зат есімдерді көрсетіңіз.
?) Қала, дала.
?) Күрек, бұрғы.
?) Бала, сәби.
?) Көше, аула.
?) Күн, нұр.
Вопрос id:324725
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.
Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.
?) сыныбымыздағы
?) бала.
?) Ол
?) мінезі
?) ауыр
Вопрос id:324726
Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
?) Сарбаз, сүңгі.
?) Сәуір, қауыс.
?) Тырма, шалғы.
?) Сұлтан, дабыл.
?) Ер, оқ.
Вопрос id:324727
Құрмаластардың ішінен қарсылықты бағыныңқы салаласты табыңыз.
?) Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.
?) Құла қасқа болмағанда, тіпті, жоғалтып ек.
?) Дәметкенжанды жазып кеткен соң, соның орнына келіп отырмын.
?) Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем.
?) Қайыр Мараттың біресе ол жағынан, біресе бұл жағынан шықты.
Вопрос id:324728
Емле бойынша дұрыс жазылған қысқарған сөзді табыңыз.
?) Ан 24-пен.
?) ГАЗ-51мен.
?) ТУ-154 пен.
?) Ту-154-пен.
?) Ил 86-мен.
Вопрос id:324729
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
?) Кітап, кемеңгерлік.
?) Дайын, әзір, даяр.
?) Тоқ, аш.
?) Қара, қызыл.
?) Өрмекші, құмырсқа.
Вопрос id:324730
Қарсылықты салаластың жалғаулықтарын табыңыз.
?) Немесе, яки, я, болмаса.
?) Бірде, біресе, кейде.
?) Сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті.
?) Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда.
?) Және, әрі, да, де.
Copyright testserver.pro 2013-2024