Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:325282
Дұрыс жазылған сөзді анықтаңыз.
?) Түйгіссе.
?) Сегіз ғанат.
?) Қариа.
?) Қайрақ тас.
?) Тайақ.
Вопрос id:325283
Негізгі түбір етістікті көрсетіңіз.
?) Тұзда.
?) Жатырқа.
?) Алыңқыра.
?) Келтір.
?) Ойла.
Вопрос id:325284
Қоғамдық, саяси - әлеуметтік мәселелермен айналысатын айбынды құрал тілі, табыңыз.
?) Ғылыми тіл.
?) Көркем әдебиет.
?) Ресми тіл.
?) Публицистика.
?) Ауызекі тіл.
Вопрос id:325285
Дауысты дыбысты табыңыз.
?) и.
?) р.
?) м.
?) д.
?) й.
Вопрос id:325286
Туынды сөзді көрсетіңіз.
?) Қызғылт.
?) Қуырдақ.
?) Алыстан.
?) Үсті.
?) Соң.
Вопрос id:325287
Демеулік шылауды табыңыз.
?) ғана
?) әрі
?) қабат
?) бері
?) әлде
Вопрос id:325288
Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
?) Балық басынан шіриді.
?) Оқусыз білім жоқ.
?) Кеш. Кең зал.
?) Тек жүрсең, тоқ жүресің.
?) Егінші – мәрт, жер – жомарт.
Вопрос id:325289
Синонимі бар сөйлемді табыңыз.
?) Олар ертелі - кеш еңбек етіп жүр.
?) Олжа, пайда, кіріс құйылып жатыр.
?) Күнде той, күнде сауық жүрген жері.
?) Орманда жас бала адасып, қорқып қалмасын.
?) Үш киік омақасып құлап жатты.
Вопрос id:325290
Жекіру одағайы бар сөйлемді табыңыз.
?) Мәссаған, Беріктің бет- аузын қара!
?) Тәйт, ондай сөзді айтпа!
?) Япырым-ау, келгенің жақсы болды ғой!
?) Е, бәрекелді, үйірімен үш тоғыз!
?) Бүгін менің туған күнім , ой бәле-ай!
Вопрос id:325291
Ма, "ме", ба", "бе" - шылауы қандай грамматикалық тұлғалармен сәйкес келеді, табыңыз.
?) Есімше жұрнағы.
?) Етістік жұрнағы.
?) Болымсыз етістік жұрнағы.
?) Көсемше жұрнағы.
?) Рай жұрнағы.
Вопрос id:325292
Төрт буынды сөзді табыңыз.
?) Мәлімдеме.
?) Тамаша.
?) Зерттеуші.
?) Ертегі.
?) Әңгіме.
Вопрос id:325293
Еркем, неғып тұрсың?- деп қала жаздаған Айбала... аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды.
Төл сөз түрін табыңыз.
?) Дәйексөз.
?) Біреудің ойы.
?) Айтуға оқталған сөзі.
?) Мақал.
?) Біреудің сөзі.
Вопрос id:325294
Белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалуына байланысты қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
?) Нүкте.
?) Көп нүкте.
?) Сызықша.
?) Дефис.
?) Қос нүкте.
Вопрос id:325295
Антоним сөздерді табыңыз.
?) Түрту - нұқу.
?) Ниет - көңіл.
?) Іле - шала.
?) Жоғары - төмен.
?) Уәделесу - сөз байласу.
Вопрос id:325296
«Стиль» термині шыққан тілді белгілеңіз.
?) Итальян.
?) Грек.
?) Орыс.
?) Қазақ.
?) Испан.
Вопрос id:325297
Антоним сөздерді табыңыз.
?) Шеше - ене.
?) Ілгерінді - кейінді.
?) Шаншу - түйреу.
?) Хабар - дерек.
?) Үлгі - өнеге.
Вопрос id:325298
Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз.
?) Құмырсқа бел – жіңішке бел.
?) Бажа – абысын.
?) Сәлем – сауқат.
?) Аш – тоқ.
?) Аралас – құралас.
Вопрос id:325299
Белгісіздік есімдігін табыңыз.
?) Барша.
?) Бәріміз.
?) Күллі.
?) Бәрі.
?) Біреу.
Вопрос id:325300
Қыстырмаға тән қойылмаған тыныс белгісін анықтаңыз.
Қорыққандықтан ба әйтеуір оның қайталап айтуға батылы бармады.
?) Сызықша.
?) Үтір.
?) Деп белгісі.
?) Сұрақ белгісі.
?) Дефис.
Вопрос id:325301
Атау септігінде тұрған зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Оның есімі ұрпақ есінде мәңгі қалады.
?) Тура толықтауыш.
?) Толықтауыш.
?) Бастауыш.
?) Анықтауыш.
?) Пысықтауыш.
Вопрос id:325302
Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың.
?) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.
?) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды.
?) Таң атты, мен ояндым.
?) Риза болғаны сондай - мені құшақтай берді.
Вопрос id:325303
Дауыстылар ерін мен езудің қатысына қарай қанша түрге бөлінетінін белгілеңіз.
?) 8.
?) 4.
?) 3.
?) 2.
?) 1.
Вопрос id:325304
Сөйлемнің қандай түрі, белгілеңіз.
Ол құлап қала жаздады.
?) Құрмалас.
?) Жайылма.
?) Атаулы.
?) Жақсыз.
?) Жақты.
Вопрос id:325305
Екпін қазақ тілінде қай буынға түседі, анықтаңыз.
?) Соңғы буынына түседі.
?) Алғашқы буынына түседі.
?) Ортаңғы буынына түседі.
?) Екпін түспейді.
?) Түбірге түседі.
Вопрос id:325306
Жақты сөйлемді табыңыз.
?) Меніңше, Қанаттың осы тілегін орындауымыз керек.
?) Бүгін осында қалуға болмайды.
?) Жақсы бала.
?) Күн де батты.
?) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
Вопрос id:325307
Буын үндестігіне сай сөзді табыңыз.
?) Ғарышкер.
?) Балалық.
?) Телефонмен.
?) Дәріхана.
?) Ізденімпаз.
Вопрос id:325308
Еріндік дауыстыны атаңыз.
?) а
?) ә
?) е
?) и
?) о
Вопрос id:325309
Сөз соңында кездесетін Б, В, Г, Д әріптеріне бітетін сөздерге қосымшаның жалғану тәртібі, дұрысын белгілеңіз.
?) Ұяң дыбыстар.
?) Үнді дыбыстар.
?) Жіңішке түрде.
?) Түбір күйінде болады.
?) Қатаң дыбыстан.
Вопрос id:325310
Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
?) Қызыл ала.
?) Нағашы апа.
?) Май шам.
?) Сапар кесе.
?) Саяси бұқаралық.
Вопрос id:325311
Ашық дауыстыны анықтаңыз.
?) и
?) ү
?) і
?) у
?) а
Вопрос id:325312
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
?) Мөлдір бұлақ.
?) Қызықты кітап.
?) Ердостың атқа мінгісі келді.
?) Абай шығармаларынан үзінді келтірді.
?) Асанмен бес жыл бірге оқыдым.
Вопрос id:325313
Жалпы есім қатарын анықтаңыз.
?) «Жас Алаш», «Парасат»
?) Айна, Гүлдария.
?) Қала, көше.
?) Көпір, Ертіс.
?) Әйгерім, Батыр.
Вопрос id:325314
Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.
Әділ, аман қайттың ба? Амандасады.
?) Жақша.
?) Қос нүкте.
?) Үтір.
?) Сызықша.
?) Дефис.
Вопрос id:325315
Одағай қызметіндегі “ой” сөзін табыңыз.
?) Ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады.
?) Ой, құлап кете жаздадым ғой!
?) Оның ойында ештеме жоқ.
?) Мына жердің мұзын ой.
?) Танымайтын елдің ой - шұңқыры көп болады.
Вопрос id:325316
Есімшенің қатарын табыңыз.
?) Қарап, күл.
?) Жазғалы, айтты.
?) Күле, айта.
?) Кетпес, жазған.
?) Жазып, айтып.
Вопрос id:325317
Сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемнің соңғы сөзі қай сөз табынан, белгілеңіз.
Қараңғы түн.
?) Есімше.
?) Етістік.
?) Сан есім.
?) Сын есім.
?) Зат есім.
Вопрос id:325318
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
?) Аласа үй.
?) Бөлім бастығы көз алартты.
?) Алысқа кетуге болмайды.
?) Амал - айла табылды.
?) Тәжірибе аймағы реттеліп жатыр.
Вопрос id:325319
Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
?) Жә, бірің бастап, бірің қостамай.
?) Оның ойынша, оқығандар - тек бай баласы.
?) Қап, айырылып қалғаным ба?
?) Қарағым - ай, тұршы тезірек.
?) Уа, туған жер, аша бер құшағыңды!
Вопрос id:325320
Күрделі зат есімді анықтаңыз.
?) Ел.
?) Ару.
?) Айдын.
?) Адам.
?) Балқаш көлі.
Вопрос id:325321
Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.
?) Кітапта бар.
?) Кітап алдым.
?) Кітап жатыр.
?) Кітаптан оқы.
?) Кітаптың беті.
Вопрос id:325322
Көнерген сөзді көрсетіңіз.
?) Лашын.
?) Арық.
?) Өрік.
?) Нарық.
?) Лашық.
Вопрос id:325323
Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.
?) Баян ауыл, жәрдем беру.
?) Бас қосу, қол басшы.
?) Өнер кәсіп, арам адам.
?) Ұлы тау, тіл білімі.
?) Күн бағыс, түйе тауық.
Вопрос id:325324
Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз.
?) Үп - үлкен.
?) Төбе - төбе.
?) Қып - қызыл.
?) Балалы - шағалы.
?) Алыс - жақын.
Вопрос id:325325
Септеулік шылауды көрсетіңіз.
?) Бір сәт үзіліс істеліп, ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа шықты.
?) Абайдың қысылғанын Ділдә сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ.
?) Не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері еш уақытта Асқарды тойғызған емес.
?) Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп жүр.
?) Сондай да сөз бола ма екен?
Вопрос id:325326
Біріккен сөз түріндегі етістікті көрсетіңіз.
?) Жеткіз.
?) Жарат.
?) Жұмыл.
?) Әпер.
?) Өткіз.
Вопрос id:325327
Орфография принципіне сай жазылған сөздерді табыңыз.
?) Жійрену.
?) Тайтию.
?) Тәжірибелі.
?) Жер - жахан.
?) Қолғаб.
Вопрос id:325328
Емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз.
?) 100ге таман.
?) 7 сынып.
?) 20-30дай.
?) 25-қыркүйек.
?) 20-30-дай.
Вопрос id:325329
Бағыныңқының баяндауышының тұлғасын ажыратыңыз.
Сұрғылт тұман дым бүркіп,
Барқыт бешпент сулайды (Абай).
?) Есімше.
?) Ортақ етіс.
?) Көсемше.
?) Етістікке септік жалғауы.
?) Шартты рай.
Вопрос id:325330
Тіл білімін зерттейтін ғылымды атаңыз.
?) Филология.
?) Жаратылыстану.
?) Археология.
?) Тарих.
?) Философия.
Вопрос id:325331
Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
?) Ал, шырақ , әңгімеңді айта бер.
?) Ал, шырақ әңгімеңді, айта бер.
?) - Ал, шырақ , - әңгімеңді айта бер.
?) Ал, шырақ , әңгімеңді айта, бер!
?) Ал шырақ , әңгімеңді айта бер.
Copyright testserver.pro 2013-2024