Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Қазақ тілі

Вопрос id:324982
Баяндауыш құрамында келетін "жөн" сөзі қайсысына тән.
?) Жақсыз.
?) Атаулы.
?) Толымсыз
?) Толымды.
?) Жақты.
Вопрос id:324983
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Уай, шіркін, ән деп осыны айт.
?) Еліктеу.
?) Бірыңғай мүше.
?) Қаратпа.
?) Одағай.
?) Қыстырма.
Вопрос id:324984
Күрделі сөздерді белгілеңіз.
?) Саржайлау, өмір, жетпіс, келген.
?) Ер-тұрман, киім-кешек, сексен алты, ауыл-шаруашылық.
?) Кел, бар, отыр, жүр.
?) Сен-ақ, келген-ді, үп-үлкен, Ақмола, кіріп шық.
?) Шөпшек, үйшік, АлМУ, абыр-сабыр, келбетті.
Вопрос id:324985
Дефис қойылмайтын орынды көрсетіңіз.
?) Қысқарған сөздер арасы.
?) Екі сөзден тұратын қызмет, дәреже, атауларды білдіретін сөздер.
?) Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі.
?) Реттік сан есімдер цифрмен жазылғанда.
?) Қос сөздер.
Вопрос id:324986
Мекен үстеулі тіркесті табыңыз.
?) Төмен түсті.
?) Бекерге айтқансың.
?) Анағұрлым көбейді.
?) Таңертең тұрады.
?) Шалқасынан құлады.
Вопрос id:324987
Бір түбірден жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.
?) Жіктеу.
?) Сұрау.
?) Сілтеу.
?) Жалпылау.
?) Өздік.
Вопрос id:324988
Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.
?) Әр сыныптың есігі ашылып, оқушылар тысқа шығып жатты.
?) Екеуі де сауыншы болған соң, әңгімелері сиыр мен сүт жайында.
?) Жайықтың ішкі бетіндегі атақты мешіттердің бірі - Тәржімәндікі.
?) Хакім келіп есік қаққанда, Кұрбановтікінен ешбір жан дыбыс бермеді.
?) Жеміс бақта өседі.
Вопрос id:324989
Сын есiмдi табыңыз.
?) Бес, отыз.
?) Сонау, мына.
?) Қызыл, көк.
?) Әрине, мүмкiн.
?) Кiтап, оқушы.
Вопрос id:324990
Мақсат үстеулі тіркесті табыңыз.
?) Тез келді.
?) Жорта айтты.
?) Жазғытұрым келеді.
?) Артта қалды.
?) Әрі - бері жүрді.
Вопрос id:324991
“Айгүлдің әжесі”тіркесінің лексика-грамматикалық мағынасын айқындаңыз.
?) Туыстық мағына.
?) Істің мақсаты.
?) Қимыл-сындық мағына.
?) Бүтіннің бөлшекке қатысы.
?) Көлемдік мағына.
Вопрос id:324992
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
?) Қойшы.
?) Дәурен.
?) Ақнұр.
?) Кіріптар.
?) Оралқан.
Вопрос id:324993
Бұйрық райда тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
?) Ауылға ақындар келді.
?) Мәселесі шешілді.
?) Мен шебер бола алар ма екенмін?
?) Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын.
?) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
Вопрос id:324994
Болжалдық сан есімді көрсетіңіз.
?) Сексен бес.
?) Онның бірі.
?) Бесінші.
?) Жетеу.
?) Елудей, ондай.
Вопрос id:324995
«Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жататынын табыңыз.
?) Лексика.
?) Морфология.
?) Фонетика.
?) Синтаксис.
?) Пунктуация.
Вопрос id:324996
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.
?) Қама, қана, қалың.
?) Қайшы, қайшылау, қайыр.
?) Азайту, алу, кеміту, шегеру.
?) Асыл, жасық, сасық.
?) Оңтүстік, солтүстік.
Вопрос id:324997
“Қырықтарда” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
?) Реттiк.
?) Есептiк.
?) Жинақтық.
?) Болжалдық.
?) Бөлшектiк.
Вопрос id:324998
Сабақтас құрмаластың бағыныңқы сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.
Бұл кезде түн ортасы ауып, таң сәрісі таянып қалған еді.
?) етіс арқылы
?) көсемшелі сөз
?) есімшелі сөз
?) туынды етістік
?) түбір етістік
Вопрос id:324999
Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
?) Әлдене.
?) Алайда.
?) Өзіміз.
?) Жиырма бес.
?) Жансыз.
Вопрос id:325000
Дара сан есімді көрсетіңіз.
?) Жетеу, он.
?) Кейбір, ешкім.
?) Оқы, біл.
?) Он жеті, қырық бір.
?) Көк түсті, қызыл ала.
Вопрос id:325001
Қай сөйлемде "ма" бөлек жазылатынын көрсетіңіз.
?) Кітапты шала оқы(ма).
?) Ертеден кешке дейін далада ойна(ма).
?) Ережені тез оқы(ма).
?) Бүгін театрда қойылым бола(ма).
?) Біреудің бермесін қиылып сұра(ма).
Вопрос id:325002
Антонимдік жұпты табыңыз.
?) Қарасу - қарайласу.
?) Бөлшектеу - бұтарлау.
?) Бөлісу - үлесу.
?) Болат - шойын.
?) Өткір - жасық.
Вопрос id:325003
Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
?) Ақыл жастан шығады.
?) Тілі мірдің оғындай өткір екен.
?) Сол күн - Ұлыстың ұлы күні.
?) Азамат есімі ардақты.
?) Пойыздан жүгін арқалап, жас жігіт түсті.
Вопрос id:325004
60-70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгілеңіз.
?) Реттік.
?) Болжалдық.
?) Есептік.
?) Жинақтық.
?) Топтау.
Вопрос id:325005
Өткен шақ мағынасы мен жасалуына қарай нешеге бөлінетінін анықтаңыз.
?) 4.
?) 8.
?) 2.
?) 3.
?) 5.
Вопрос id:325006
Біріккен сөз сыңарындағы көршілес дыбыстардың ілгері-кейінді бір-біріне әсер етіп, екі жағының да өзгеріске түсетін жерін көрсетіңіз.
?) Қос шелек.
?) Жүрегі.
?) Боранбай.
?) Ырысжан.
?) Күзгі.
Вопрос id:325007
Туынды сөзді табыңыз.
?) Еңбекші.
?) Еңбекпен.
?) Еңбектен.
?) Еңбегің.
?) Еңбекті.
Вопрос id:325008
Күрделі бастауышты табыңыз.
?) Ілбіген де ілгерілейді.
?) Есепсіз есесін жібермейді.
?) Шабан атқа жер шалғай.
?) Еңбек еткен - ер атанар.
?) Қолы шебер еді.
Вопрос id:325009
Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына себеп, белгілеңіз.
- Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)!-деді Итбай.
?) Қаратпа сөз, төл сөз.
?) Төл сөз, автор сөзі.
?) Төл сөз, бұйрықты сөйлем.
?) Лепті, қыстырма, диалог.
?) Төл сөз, қыстырма.
Вопрос id:325010
Өздiк есiмдiгiн белгілеңіз.
?) Менiң, сiздiң.
?) Әр, әркiм.
?) Бүкiл, түгел.
?) Ештеңе, ешкiм.
?) Өзiм, өзiме.
Вопрос id:325011
Көңіл-күйге байланысты айтылған сөйлемді анықтаңыз.
?) Ол кіріп шықса ғой.
?) Иә, кірдім де шықтым.
?) Сен сыныпқа кірдің бе?
?) Ол сыныпқа кірді.
?) Сен сыныпқа кір.
Вопрос id:325012
Жалпылауыш сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
?) Төрт бөлмелі тас үй салқын да, жайлы.
?) Төзімділік пен сабырлылық - жақсы қасиет.
?) Мақтаныш етеді, бекер.
?) Жусан, изен, бұйырғын, көкпек - бәрі малға пайдалы.
?) Құнанбай қайсар жауапты естіді де, үндемей қалды.
Вопрос id:325013
Дағды, дәстүр бойынша жазылған сөзді табыңыз.
?) Көк дөнен.
?) Өлең.
?) Жаздыгүні.
?) Қамысбек.
?) Бағы жанбады.
Вопрос id:325014
Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.
?) Базаралы жиылған қауымға Тінекең ауылына барғандығын, онда тыныштық екендігін айтты.
?) Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таңғажайып мамандық көп.
?) Семейдің губернаторы осы жолы Қарамолаға келуі керек.
?) Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.
?) Абай өз ішінен : “Сүйіндік ауылы сыртқа кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді - ау,” - деп тынышсызданып еді.
Вопрос id:325015
Реттік сан есімді табыңыз.
?) Жүз, алпыс.
?) Бірінші, бесінші.
?) Бір, екі.
?) Біреу, екеу.
?) Бір - бірден, екі - екіден.
Вопрос id:325016
Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз.
?) Шолақтау.
?) Денелі.
?) Шашпа.
?) Үлкен.
?) Төзімді.
Вопрос id:325017
Дерексіз зат есім дегеніміз не, табыңыз.
?) Оймен танылатын зат есім атауы.
?) Жер-су атаулары.
?) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есім.
?) Туынды зат есімдер.
?) Бір түрлі көп заттың жеке атауы.
Вопрос id:325018
Синонимдес тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
?) Тісін қайрау, тісін тазарту.
?) Қоян жүрек, қоян аулау.
?) Түймедейді түйедей ету, түймені қадау.
?) Мұрны қанау, мұрнына су жетпеу.
?) Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
Вопрос id:325019
Төл сөзге байланысты тыныс белгісінің дұрыс қойылған жерін көрсетіңіз.
?) Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр,» - дейді.
?) Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып: «Өзіңе лайықты орын тауып отыр» дейді.
?) Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып - Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
?) Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
?) Шаhар әміршісі әл - Фарабиді сынамақ болып: Өзіңе лайықты орын тауып отыр - дейді.
Вопрос id:325020
Сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемдердің соңғы сөзі қай сөз табынан болады, белгілеңіз.
?) етістік
?) сын есім
?) зат есім
?) сан есім
?) есімше
Вопрос id:325021
Айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөзді табыңыз.
?) Сақ адам.
?) Қарапайым адам.
?) Адал адам.
?) Қас адам.
?) Дос адам.
Вопрос id:325022
Табыс жалғауын табыңыз.
?) - ны, - ні, - н.
?) - менен, - бенен.
?) - лар, - лер.
?) - мын, - сың, - сыз.
?) - ң, - ың, - ің.
Вопрос id:325023
Қатаң дауыссыздар қатарын көрсетіңіз.
?) п, б, с
?) қ, т, с
?) ф, в, т
?) қ, щ, ж
?) к, г, з
Вопрос id:325024
Сөздің тура мағынасын табыңыз.
?) Уытты көзбен Сауранға қарады.
?) Аурудың уыты денеге жайылды.
?) Улы сөздің уыты басына шапты.
?) Бойына дін уыты жайылды.
?) Уытын құмарлықтың ішке сақта.
Вопрос id:325025
Дұрыс жазылған сөздерді табыңыз.
?) Орұн, өңүр, домбұғұу.
?) Бөрөне, көбөлек, жол-жөнөкей.
?) Құндұз, құрұқ, бүгүн.
?) Мәжбүр, мағлұмат, сірә.
?) Жұлдұз, жәяу, жәй.
Вопрос id:325026
Қыстырма сөзді табыңыз.
?) Шырағым.
?) Бейшара - ау! Тезірек жетсеңші.
?) Ту - у! Неткен жансың.
?) Қарттардың айтуына қарағанда, шындық болар.
?) Ей, бері қара, балам.
Вопрос id:325027
Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
?) Бұзылады.
?) Бұзылмайды.
?) Бұзады.
?) Бұзатын.
?) Бұзайық.
Вопрос id:325028
Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
?) Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең болмайтыны бесенеден белгілі.
?) Бірақ іргедегі пештің жылуы қандай тез болса, суынуы да сондай тез.
?) Қиралаң етіп оң жамбасына аунап түсіп, тағы да дүлейлі сесімен кеудесіне қарай төніп келе жатқан зілдей етікті қаусыра ұстай алды да, бұрап кеп жіберді.
?) Ызаланып кеткен ол “ауп!” деп жұлқып қалып еді, екпінімен шалқасынан түсті.
?) Гүлсім ұялды, сондықтан екі беті қызарып кетті.
Вопрос id:325029
Күрделі сөзді табыңыз.
?) Техникамен жабдықтау.
?) Ақ алмас.
?) Балалармен әңгімелесу.
?) Азуы алты қарыс.
?) Қою қара сақалды.
Вопрос id:325030
Әдебиет достық дәнекершісі.
Сөйлемге қажетті тыныс белгісін табыңыз.
?) Қос нүкте.
?) Үтір.
?) Нүктелі үтір.
?) Жақша.
?) Сызықша.
Вопрос id:325031
Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.
?) Өз үйім.
?) Жолдасымның кітабы.
?) Әдеби мұра.
?) Дос сыры.
?) Үйдің жаны.
Copyright testserver.pro 2013-2024