Тесты онлайн, бесплатный конструктор тестов. Психологические тестирования, тесты на проверку знаний.

Список вопросов базы знаний

ҰБТ-ға 2015 Биология

Вопрос id:329041
Жасушалар бір - бірімен … арқылы байланысады.
?) жасуша сұйықтығы
?) жасуша ядросы
?) вакуоль
?) жасушааралық заттар
?) цитоплазма
Вопрос id:329042
Су мен минеральды зат қозғалады... арқылы.
?) сүрек түтіктері
?) камбий жасушалары
?) тоз жасымықшалары
?) тін жасушалары
?) өзек жасушалары
Вопрос id:329043
Тұмауды қоздырушылар -
?) Саңырауқұлақтар.
?) Шаң - тозаңдар.
?) Құрттар.
?) Вирустар.
?) Бактериялар.
Вопрос id:329044
Жеке бір популяцияға біріккен даралардың арасында өзара жүріп жататын ең негізгі факторлары:
?) Жыртқыштар саны.
?) Ортақ қорек.
?) Еркін будандасуы.
?) Климат жағдайының біркелкілігі.
?) Географиялық оқшаулану.
Вопрос id:329045
Қос жарнақты өсімдік:
?) Қарабидай.
?) Үрмебұршақ.
?) Жауқазын.
?) Сұлы.
?) Арпа.
Вопрос id:329046
Фотосинтез кезінде өсімдіктің ауадан сіңіретіні:
?) Оттегі.
?) Көмірқышқыл газы.
?) Сутегі.
?) Азот
?) Су буы.
Вопрос id:329047
Сазанның қаңқасы –
?) Бас сүйек, омыртқа, қабырға, құйрық.
?) Жүзбе қанаттар сүйектері, бас сүйек.
?) Бас сүйек, омыртқа жотасы, жүзбе қанаттар сүйектері.
?) Бас сүйек, жамбас, омыртқа жотасы.
?) Омыртқа жотасы, бас сүйек, жамбас.
Вопрос id:329048
Ауаның ластануы -
?) қуаңшылыққа әкеледі.
?) топырақты тоздырады.
?) қара дауыл соғады.
?) өсімдікті азайтады.
?) оттегін азайтады.
Вопрос id:329049
Өрмекшінің аузы... бейімделген.
?) шайнауға
?) ұсақтауға
?) сорып алуға
?) кеміруге
?) сезуге
Вопрос id:329050
Ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайы:
?) Шектеуші.
?) Биотикалық.
?) Абиотикалық.
?) Антропогендік.
?) Экологиялық.
Вопрос id:329051
Ақ сұламаның аналық безінің орналасқан жері:
?) Екі денешік ретінде дененің алдыңғы жағы.
?) Дененің артқы бөлігі.
?) Дененің ортаңғы бөлігі.
?) Дененің құйрық бөлімі.
?) Дененің бүйірінде.
Вопрос id:329052
Ж.Б.Ламарктің пікірі бойынша, эволюцияның ең негізгі қозғаушы күші:
?) Тіршілік үшін күрес.
?) Тұқымқуалайтын өзгергіштік.
?) Ағзалардың ең бір жоғары сатыға көтеріле дами түсуі, жаттығуға байланысты.
?) Оқшауланып күресу.
?) Популяциялардың сан мөлшерінің ауытқуы, сыртқы ортаға байланысты.
Вопрос id:329053
Бұлшықет сүйекке... байланысады.
?) бұлшықет шоғы арқылы
?) шеміршек арқылы
?) сіңір арқылы
?) буын арқылы
?) эпителий ұлпасы арқылы
Вопрос id:329054
Үш түбірлі тістер:
?) Ауру тістер.
?) Иттіс.
?) Күректіс.
?) Үстіңгі азу.
?) Астыңғы азу.
Вопрос id:329055
Анд (Оңтүстік Америка) орталығы … отаны.
?) картоптың
?) майлы тағамның
?) орамжапырақтың (қырыққабат)
?) күріштің
?) жүзімнің
Вопрос id:329056
Адам ағзасындағы бауырдың негізгі қызметі -
?) Ферменттердің әсерінен көмірсуларды ыдырату.
?) Ферменттердің әсерімен ақуыздарды ыдырату.
?) Қорытылмаған заттарды қорыту, суды қанға өткізу.
?) Мүшелердің тіршілігінен пайда болған ағзадағы улы заттарды залалсыздандыру.
?) Мүшелердiң жұмысын реттейтiн гормондар бөлу.
Вопрос id:329057
Ертедегі өсімдіктердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым -
?) археология.
?) палеоботаника.
?) экология.
?) палеонтология.
?) морфология.
Вопрос id:329059
Кәдімгі амебаның тіршілік мекені:
?) су қойма түбіндегі тұнба
?) батпақ
?) топырақ
?) ағын су
?) су беті
Вопрос id:329060
Ақуыз (нәруыз) құрамына кіретін:
?) Су
?) Май
?) Аминқышқылы
?) Эфир майы
?) Аммиак
Вопрос id:329061
Қысы - жазы адамның дене температурасы:
?) 38º
?) 38,5º
?) 39º
?) 36,6º
?) 35º
Вопрос id:329062
Жылудың түзілетін жері:
?) Жүрек пен өкпелерде.
?) Бұлшықет пен жүректе.
?) Бауыр мен ұйқы безінде.
?) Тері мен өкпелерде.
?) Бауыр мен бұлшықеттерде.
Вопрос id:329063
Бүршіктің өсу нүктесі
?) фотосинтездеуші
?) жабын ұлпа
?) түзуші ұлпа
?) өткізгіш ұлпа
?) механикалық ұлпа
Вопрос id:329064
Тіршілік үшін тұраралық күрес дегеніміз -
?) Жеке даралар арасындағы бәсекелестік.
?) Қоршаған ортамен күрес.
?) Жеке түрлер арасындағы күрес.
?) Бір түрдің арасындағы күрес.
?) Қайшылықпен өтетін күрес.
Вопрос id:329065
Медузаның қорегін әлсірететіні:
?) аузы.
?) бұлшық ет талшықтары.
?) қармалауыштары.
?) аралық жасушалары.
?) атқыш жасушалары.
Вопрос id:329066
Бауыраяқты ұлуларға жататындар:
?) Каракатицалар.
?) Қошқармүйіз.
?) Кальмарлар.
?) Айқұлақ.
?) Сегізаяқтар.
Вопрос id:329067
Жыландарды питомникте (жыланханада) өсіру себебі:
?) Терісіне
?) Жұмыртқасына
?) Уына
?) Дәрумендеріне
?) Етіне
Вопрос id:329068
Адам тыныс алуына қажетті газ:
?) азот
?) көмірқышқыл газы
?) азот (IV) оксиді
?) оттегі
?) азот (II) оксиді
Вопрос id:329069
Қан ұю үшін керекті дәрумен:
?) К
?) D
?) C
?) A
?) B1
Вопрос id:329070
Құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы:
?) Ұлпа.
?) Дене.
?) Ағза.
?) Жасуша.
?) Мүше.
Вопрос id:329071
Күнбағыс гүлшоғырының шетіндегі гүлдер:
?) Аналықтары ғана бар гүлдер.
?) Жынысты гүлдер.
?) Аталықтары ғана бар гүлдер.
?) Жеміс беретін бар гүлдер.
?) Жыныссыз гүлдер.
Вопрос id:329072
Шұбалшаңдардың класы -
?) сорғыш құрттар.
?) таспа құрттар.
?) азқылтанды құрттар.
?) кірпікшелі құрттар.
?) көпқылтанды құрттар.
Вопрос id:329073
Сазанның жүйке жүйесінің құрылысы –
?) Жұлын, бес бөлікті ми.
?) Алдыңғы ми, сопақша ми, мишық.
?) Мишық, ортаңғы ми, жұлын.
?) Жұлын, ортаңғы ми, сопақша ми.
?) Мишық, алдыңғы ми, жұлын.
Вопрос id:329074
Aшытқы саңырауқұлағының әсерінен ашыған қамырдағы көпіршіктер
?) көмірқышқыл газ.
?) азот.
?) қант.
?) сутегі.
?) оттегі.
Вопрос id:329075
Жылу өнімділігінің ағзада арту себебі:
?) Жөтелу.
?) Түшкіру.
?) Қоршаған ортаның t0 артуы.
?) Лүпілдің артуы.
?) Лүпілдің баяулауы.
Вопрос id:329076
Антропогендік факторларға жататындар:
?) Батпақты құрғату.
?) Жер сілкіну.
?) Жыртқыштардың жемтігіне шабуылы.
?) Ауа массасындағы қозғалыстар.
?) Ауа температурасының қолайсыздығы.
Вопрос id:329077
Фотосинтездеуші және қор жинаушы ұлпалардың біріктірілген атауы:
?) Түзуші
?) Негізгі
?) Өткізгіш
?) Тірек
?) Жабын
Вопрос id:329078
Овогенез кезінде жасушадан шығатын жұмыртқа жасушасының саны:
?) сегіз жұмыртқа
?) алты жұмыртқа
?) екі жұмыртқа
?) бір жұмыртқа
?) төрт жұмыртқа
Вопрос id:329079
Ас қорыту мүшесіндегі тамақ немесе микробтар әсерінен қабынатын тоқ ішектің бөлігі -
?) Тік ішек.
?) Соқырішек.
?) Бүйен.
?) Он екі елі ішек.
?) Аш ішек.
Вопрос id:329080
Тоспа ұлуының қан айналым жүйесі:
?) болмайды
?) тұйық
?) кіші қан айналу жүйесі
?) ашық
?) үлкен қан айналу жүйесі
Вопрос id:329081
Жүйке жүйесінің шеткі бөлімдері.
?) Жүйке, түйіндер
?) Сопақша ми
?) Үлкен ми сыңарлары
?) Ортаңғы ми
?) Мишық
Вопрос id:329082
Жердің саналы қабығы -
?) Литосфера.
?) Гидросфера.
?) Атмосфера.
?) Биосфера.
?) Ноосфера.
Вопрос id:329083
Тамаққа пайдаланатын лалагүл тұқымдас өсімдік:
?) Қызғалдақ.
?) Аспарагус.
?) Лалагүл.
?) Пияз.
?) Алоэ.
Вопрос id:329084
Көз алмасының қасаң қабықшасы
?) зақымданудан қорғайды.
?) жарық сәулесін еркін өткізеді.
?) қанмен қамтамасыз етеді.
?) көз ішіне сәуленің түсуін реттейді.
?) бояғыш заттың (пигмент) мөлшері мен таралуын анықтайды.
Вопрос id:329085
Ішқұрт ауруының алдын алу:
?) Өз бетімен емделу.
?) Тазалық сақтау.
?) Алкоголь пайдаланбау.
?) Егу (прививка) жасау.
?) Антибиотиктер пайдалану.
Вопрос id:329086
Жапырақ жүйкелеріне мықтылық қасиет беретін ұлпа.
?) Негізгі
?) Түзуші
?) Тірек
?) Жабын
?) Өткізгіш
Вопрос id:329087
Полиомиелит ауруында вирустардың зақымдайтыны:
?) Жұлынның қозғаушы нейрондарын.
?) Қаңқа ұлпасын.
?) Жұлынды.
?) Ішкі мүшелердің жұмысын.
?) Ми қабықтарын.
Вопрос id:329088
Өте ертедегі адамдар қалай аталады
?) австралопитектер
?) синантроптар
?) питекантроптар
?) неандерталдықтар
?) кроманьондар
Вопрос id:329089
Ішекқуыстылардың дернәсілі:
?) Атпа жасушасы.
?) Жүйке жасушасы.
?) Жұмыртқа жасушасы.
?) Планула.
?) Сперматозоид.
Вопрос id:329090
Жүйке жасушасының атауы.
?) Нейрон.
?) Аксон.
?) Жүйке.
?) Дендрит.
?) Түйін.
Вопрос id:329091
Тұқымның құрамына кiретiн заттар –
?) Су, минералды заттар, ақуыз, крахмал, май.
?) Минералды тұздар, май, су.
?) Су, минералды тұздар.
?) Органикалық заттар.
?) Су, ақуыз, крахмал.
Copyright testserver.pro 2013-2024